Әлемде шілде айында рекордты деңгейде аптап ыстықтар тіркелді
Қазақстанда аптап ыстық салдарынан ескерту жарияланды. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-17 шілдеде жер-жерлерде 46 градусқа дейін қатты ыстық тіркелді. Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райы 43 градусқа дейін көтерілді.
Өзбекстанда көп жылдарда болмаған ыстық орын алды. Шілденің басынан бастап Өзбекстанда температура 40 градустан асты. 30 маусымнан бесінші шілде аралығы кезеңінде Нүкісте (Өзбекстанның батысы) жылдар бойы бақылау кезінде орын алмаған ыстық ауа райы тіркелді. 37 жыл ішінде рекорд қайталанды (+43,3 градус). Термезде бесінші шілдеде 1968 жылы тіркелген рекорд қайталанып, термометр + 44,1 градусты көрсетті.
Камбине Республикасы жанындағы Гидрометеорологиялық қызмет орталығының ақпаратына сүйенсек, ағымдағы аптаның аяғына дейін орташа көрсеткіштен төрт-бес градусқа жоғары көп жылдан бері болмаған аптап ыстық тіркелді. «11-19 шілдеде Өзбекстан бойынша күндіз температура 39-42 градусқа дейін ысиды. Оңтүстікте және Арал аймағында 44 градусқа дейін жетеді», - делінген хабарламада. Өзбекстан астанасында ауа райы 40-42 градус ыстық болмақ.
Қырғызстанда 16 шілдеде температура 44 градустан асқан кезде жұмыс күні екі сағатқа қысқартылды. Ел премьер-министрі тиісті өкімге қол қойды. Республикада 1928 жылдан бері бақыланбаған өте жоғары температуралық рекорд орын алды. Ауа райы 39,3 градус жылылықты көрсетті.
POGODA.RU.NET ақпаратына сүйенсек, 6 шілдеде Ресей, Беларусь және Украина қалаларында температуралық рекордтар тіркелді: Гродно 33.3°C, Бобруйск 32.6°C, Чита 34.8°C, Улан-Удэ 39.0°C, Брест 34.8°C, Пинск 35.3°C, Житковичи 33.7°C, Винница 33.1°C, ал 8 шілдеде - Врангеля аралында 18.1°C, Вилюйск 36.6°C, Магадан 27.2°C (Магаданда 79 жылда болмаған рекорд орнады), Бобруйск 31.8°C, Охотск 31.0°C (Охотскде 124 жылда болмаған рекорд орнады), Львов 34.1°C, Винница 34.4°C, Ужгород 37.4°C, Черновцы 36.4°C.
Еуропада да шілде ыстық болды. Уимблдон теннис турнирінде температуралық рекорд орнатылды. 1 шілдеде термометр көрсеткіші күллі англиялық лаун-теннис, крокет корттарында 35,7 градусты көрсетті, деп хабарлады The Guardian басылымы. Бұдан бұрын осындай көрсеткіш 1976 жылы тіркелген. Лондон қаласында шілдеде орташа ауа райы 23 градусты құрады.
Германияда қатты ыстықтан адамдар, жануарлар зардап шегуде. Жол да зақымдануда. ТАСС хабарлағандай, осыған байланысты қауіпсіздік мақсатында Баден-Вюртембург федеральдық аймағы барлық бетонды жолдарда сағатына 80 шақырымға дейін жылдамдықпен шектеу енгізу шешімін қабылдады. Ведомство өкілі хабарлағандай, жол жамылғысының бүліну қаупі жоғары. Елде температура 40,2 градусты көрсетіп тұр, - деп хабарлады Неміс ауа райы қызметі.
2015 жылғы шілдеде температура рекордтары Еуропаның мына қалаларында орнатылды: Женева 33.6°C, Страсбург 34.8°C, Мадрид 40.5°C, Пальма-де-Майорка 36.8°C, Майндағы Франкфурт 36.5°C, Штуттгарт 33.6°C, Братислава 35.3°C, Краков 32.9°C, Будапешт 35.2°C, Венеция 31.2°C, Вильнюс 32.6°C.
2017 жылғы 7 шілдеде Еуропаның мына қалаларында аптап ыстық орын алды: Люксембург 32.2°C, Цюрих 34.6°C, Женева 39.7°C, Страсбург 37.4°C, Лион 36.8°C, Мадрид 40.0°C, Пальма-де-Майорка 34.4°C, Штуттгарт 35.5°C, Мюнхен 34.9°C, Братислава 36.4°C, Вроцлав 33.5°C, Краков 31.7°C, Будапешт 36.1°C, Венеция 32.1°C.
2015 жылғы 8 шілдеде Еуропаның мына қалаларында температуралық рекорд орнады: Лион 34.4°C, Мадрид 39.4°C, Пальма-де-Майорка 36.2°C, Штуттгарт 32.4°C, Будапешт 36.4°C, Сараево 35.9°C, Венеция 31.6°C.