Әлемде сирек кездесетін гауһар тас 48 млн долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Женевада Sotheby's бәссаудасы аясында әлемде сирек кездесетін салмағы 12,03 карат «Көгілдір ай» гауһары рекордты сома $48 млн сатылып кетті, деп хабарлады Reuters.
Сауда-саттық 29 млн доллардан басталып, жеті минутқа созылды. Қымбат тасты оның атауын «Жозефинаның көгілдір айы» деп өзгерткен жеке коллекционер сатып алды. Гауһар құны жаңа рекорд орнатты.
«Көгілдір ай» бұрын-соңды бәссаудаға қойылғандардың ішінде ең үлкені, ашық көгілдір түсті қырлы фантазиялық гауһар болып табылады.