00:36, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
Әлемде зерттелген алтынның қоры 20 жылға ғана жетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер жаһандағы алтын, алмас және мырыш сияқты бағалы табиғат байлықтарының қоры 20 жылдан кейін таусылмақ. Бұл туралы америкалық қаржылық конгломерат Голдман Сакс мәлім етті, деп жазады khabar.kz.

Сонымен қатар баяндамада ғаламшарымыздағы ғалымдар зерттеп тапқан платина, мыс және никель алдағы 40 жылға ғана жететіні айтылған. «Демек аталған ресурстардың азаюына байланысты олардың бағалары өсуі мүмкін», - дейді сарапшылар.
Десе де, кейінгі кезде алтынға сұраныс артқан соң, сары металл бұрын соңды болмаған мөлшерде өндіріліп қойған. Енді америкалық сарапшылардың мәлімдемесінен кейін бірте-бірте өндіруді азайтуы мүмкін.