Әлемде жаһандық климатты қорғаудың шерулері өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін барша әлемде климатты қорғауға арналған шерулер өтуде. Оған қатысушылар жаһандық жылынумен күрес бойынша жедел шараларды қабылдауды талап етуде.

Әлемде жаһандық климатты қорғаудың шерулері өтуде

ВВС-дің жазуынша, Австралияда мыңдаған шерушілер парниктік газдардың атмосфераға бөлінісін азайту туралы ұранмен ірі қалалардың көшелеріне шықты. Олардың пайымынша, климаттың жылынуы құрлықта жаңа құрғақшылықтарға, өрттер мен дауылдарға алып келеді. Бұл акциялар Нью-Йорктегі климаттық саммитке ұласады. Онда шерушілерді БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун қарсы алатын болады.