Әлемде жаңа коронавирустан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзінде 50 мыңнан астам адам жаңа коронавирусты жұқтырудың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Әлемде жаңа коронавирустан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды

Мамандардың мәліметтеріне сәйкес, әлемде коронавируспен байланысты 50 230 өлім тіркелген. Вирусты жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты.

Өлім-жітім басқа елдермен салыстырғанда Италияда ‒ 13 915 және Испанияда ‒ 10 003 көбірек тіркелген.