Әлемде жастар үшін ең қолайлы елдердің рейтингі шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар үшін ең қолайлы еуропалық елдердің ішінде Швеция үздік деп саналды. Ал барша әлем бойынша бұл бағытта Австралия бірінші орынға шықты.

Әлемде жастар үшін ең қолайлы елдердің рейтингі шығарылды

Осы рейтингті құру үшін Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының сарапшылары білім алу, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау жүйесі мен 10-нан 24-ке дейінгі жас аралығы санатындағы азаматтар үшін сақтандыру жүйесіне қол жетімділік мәселелерін зерттеген. Сонымен бірге негізгі факторлар ретінде жастардың экономикалық және әлеуметтік өмірге қатысуы, сондай-ақ замануи ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілуі мәселелері қарастырылды. Осы орайда бұл әлемдік рейтингте Австралия көшбасшы болып танылса, одан кейін Швеция, Оңтүстік Корея, Біріккен Корольдік және Германия жайғасты, деп жазады шетелдік БАҚ.