Әлемде жер сатып алу мен жалға алудан көш бастап тұрған ел - Үндістан

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Соңғы он жыл бары­сын­да Үндістан елі 13,4 млн акр территорияны жал­даған екен.
None
None

Бір ғана үндістандық Tata компаниясы Индонезиядан 5 млн акр жер алып, өз қажеттілігіне пай­даланып отырған. Бұл тізімде екін­ші болып Қытай тұр. Ол соңғы он жыл барысында 13 млн акр жер­ді жалға алды. АҚШ мемлекеті 2002 жылдан бері 10 миллион акр, яғни 4 млн 136 мың гектар жер алды. АҚШ  та Үндістан секілді Индонезия­дан көп жер алған. Алғашқы бестікті Ма­лайзия мен Ұлыбритания қоры­тын­дылайды. Олар шаруашылыққа және басқа да түрлі мақсаттармен 7-8 млн акр жерден жалдаған. Өзге ел­дерден жер жалдаушы халық­тардың арасында алғашқы ондыққа сондай-ақ Оңтүстік Корея, Италия, Израиль, Біріккен Араб Әмірлігі және Сауд Арабиясы кіреді,-деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Соңғы жаңалықтар