Әлемде ЖҚТБ-дан қайтыс болу оқиғасы бес жылдың ішінде 21 пайыз азайды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - 2005-2010 жылдардағы кезеңде әлемде ЖҚТБ-дан көз жұму 21 пайызға азайды. Би-Би-Сидің хабарлауынша, БҰҰ-ның АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша Біріккен бағдарламасының (UNAIDS) мамандары әзірлеген есепте осындай деректер келтірілген.
None
None

Осы құжатқа сәйкес, АҚТҚ-инфекциясынан көз жұмудың шарықтау кезеңі 2005 жылы тіркелген. 2010 жылы бұл көрсеткіш 21 пайызға азайды, осы індеттен қайтыс болғандар саны 1,8 миллионды құрады.

UNAIDS ақпараты бойынша, осы індетті жұқтырғандар саны 1997 жылы 3,4 миллионға жуық адамды құраған. Дегенмен АҚТҚ-инфекциясын жұқтырғандар саны әлі де өсіп келеді. Есеп деректеріне қарағанда, 2010 жылы 34 миллионға тарта адам осы ауруға шалдыққан, бұл бұдан он жыл бұрынғы көрсеткіштен 17 пайыз көп.

UNAIDS есебінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы АҚТҚ жұқтырғандардың 90 пайызы - Ресей мен Украина азаматтары.

Соңғы жаңалықтар