Әлемде журналистикаға А. Байтұрсынұлынан асырып анықтама берген адам жоқ - Н. Омашев

Бұл туралы бүгін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан журналистерінің этикалық кодексін» талқылап, студенттерге түсіндіруге арналған семинарда филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев айтты.
Оның айтуынша, биліктің болсын, оппозицияның болсын қарамағында қызмет атқаратын кез келген журналист өзінің осы бір негізгі қызметін еш уақытта есінен шығаруға болмайды. Ал оны естен шығармауға көмектесетін бірден-бір құрал - ол ішкі жан-дүние мен ар-ождан. «Міне, биыл ғана Қазақстан журналистер одағы мен Бас редакторлар клубы бірлесіп қабылдаған «Қазақстан журналистерінің этикалық кодексі» жас журналистерді өзінің ар-ожданынан аттап кетпей, халқының алдындағы қызметін абыроймен атқаруға шақырады. Тіпті, қаншама жыл журналистік қызмет атқарып келген аға буын өкілдері де кодекстің текстін газеттен қиып алып, үстелінің үстіне, көзінің алдына қойып қояды. Сондықтан, бүгінде университет қабырғасында осы құжаттың баптарын күнде талқылап-талдап жатсақ та, одан тек қана үлгі-өнеге мен ақыл-кеңес аламыз деп ойлаймын», - деп атап өтті ол.
Отырысқа Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбай, университет профессорлары мен оқытушылары және студенттер қатысты.