Әлемдегі ең кәрі мысық қайтыс болды

 Әлемдегі ең кәрі мысық қайтыс болды
Фото: The Sun

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбританияда әлемдегі ең кәрі мысық Рози 33 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «The Sun» басылымы хабарлады.

Розидің қожайыны британдық Лила Бриссетт қазір 73 жаста және олар Норфолк қаласында тұратын.

Мысықтың туған күні 1 маусымда, 2024 жылы ол 33 жасқа толды. Адами өлшем бойынша Рози 152 жыл өмір сүрді. Дегенмен, оның ең ұзақ өмір сүрген рекорды ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енбеген. Қазіргі уақытта лондондық 27 жастағы Флосси – әлемдегі ең кәрі мысық.

Мысықтың ең ұзақ өмір сүруі 2005 жылы АҚШ-та тіркелді - Cream Puff мысығы 38 жасында қайтыс болды. Техастағы бұл ең кәрі мысық 1967 жылы 3 тамызда дүниеге келген және 2005 жылдың 6 тамызына дейін өмір сүрді – 38 жыл және үш күн.

Соңғы жаңалықтар
telegram