Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толды

Старейшая женщина в мире отметила 117-й день рождения
Фото: БЕЛТА

Әлемдегі ең қарт әйел Мария Браньяс Морера 117 жасқа толды. Ол тіпті ұзақ жасаудың сырымен де бөлісті деп хабарлайды БЕЛТА.

Мария 1907 жылы Американың Сан-Франциско қаласында испандық отбасында дүниеге келген. Ол 8  жасқа толғанда ата-анасы тарихи отанына қайтамыз деп шешім қабылдаған, - деп жазды Guinness World Records.

Кейуананың жасы 117 асса да денсаулығында ешбір ақау жоқ. Тек құлағы нашарлау естиді әрі өздігінен қозғалу қиын. Тіпті ұзақ жасаудың сырын іздеп жүрген ғалымдар оның денсаулығына қызығушылық танытқан. Мария олар ұсынған арнайы зерттеуге қатысу жөніндегі ұсынысты қабыл алған.  

Қарт әженің үйінде 90-нан асқан жақындары да бар екен. Оның ұзақ жасаудағы сыры тұқымындағы гендік ерекшелікке байланысты болуы да мүмкін деген болжам бар. Алайда, Марияның өзі бұлай ғасыр жасаудың құпиясы отбасындағы гармония, достармен жылы қарым-қатынас, табиғатқа жақындық, эмоциональды тұрақтылық және өмірге деген жақсы көзқарас деп сендіреді.   

 

Соңғы жаңалықтар