Әлемдегі ең танымал TikTok блогері АҚШ-тан қуылды

АСТАНА. KAZINFORM – Хаби Леймді АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) ұстады. Оған елден өз еркімен кету ұсынылды, деп жазды Анадолы агенттігі.

Әлемдегі ең танымал TikTok блогері АҚШ-тан қуылды
Фото: Анадолы

Бұл туралы ICE таратқан хабарламада айтылған.

Сенегалдық тегі бар Хаби Лейм TikTok платформасында ең көп жазылушысы бар қолданушылардың бірі. Оның аудиториясы — 162,2 миллион.

Хабарламаға сәйкес, иммиграциялық агенттер Леймді Лас-Вегаста визасының мерзімі өтіп кеткені үшін ұстаған.

Әлеуметтік желідегі жұлдызды таныстыратын Sharks Celebrities агенттігі ICE-тің бұл мәлімдемесін «жалған ақпарат» деп атады. Агенттіктің айтуынша, блогер бұл айда АҚШ-та болмаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трампты сынап жүрген танымал түрік-америкалық онлайн-стример Чикагодағы О’Хара халықаралық әуежайында ұсталып, сұраққа алынған болатын.

Ал Қазақстанда салық органдары 4 блогердің 2,2 млрд табысын тексергелі жатыр.

Соңғы жаңалықтар