Әлемдегі ең үлкен анаконда Амазонкадан табылды
АСТАНА. KAZINFORM – Ғалымдар Амазонкадағы джунглиде жүргізген экпедиция барысында әлемдегі ең алып анаконданы кездестірді. Бұл туралы БЕЛТА жазды.
NBC News-тің мәліметінше, ғалымдар аталған сапарға деректі сериалдың түсірілімін жасау үшін барған. Түсірілім тобы қолайлы сәтті пайдаланып, жыланды таспаға түсіріп алған. Ол су астында болғандықтан, түсірілім суда жасалған. Тіпті оның қасына дейін жүзіп барған адам, оның қаншалықты алып екенін жақыннан көруге мүмкіндік алды.
Болжам бойынша дәл осы тұқымдас жыландардың салмағы 500 кг болуы мүмкін. Ал, ұзындығы 7,5 м. Түсірілім тобы кездестірген анаконданың салмағы шамамен 200 кг, ал ұзындығы 6 м екені белгілі болды. Ғалымдар аталған тіршілік иесін солтүстікте мекендейтін жасыл анаконда деп атады.