Әлемдегі ең ұсқынсыз ит Голливудта түсірілген киноның басты рөлінде ойнады
АСТАНА. KAZINFORM – «Әлемдегі ең ұсқынсыз ит-2023» байқауының жеңімпазы атанған ит Голливудтың әйгілі жұлдыздары Райан Рейнольдс және Хью Джекманмен бірге фильмге түскен. Бұл туралы Super сайты хабарлады.
Онда 2023 жылы Пегги есімді ит «Ең ұсқынсыз ит» номинациясын жеңіп алғаны жазылған. Содан кейін Ұлыбританияда танымал болған Пегги Голливудтың да назарына ілігіп, кейін жылдың ең танымал фильміне түскен.
Атап айтқанда, «Дэдпул мен Росомаха» фильмінде ол басты кейіпкердің иті Догпулдың рөлін сомдады.

Пеггидің иесі журналистерге өз итін мақтан тұтатынын айтты.
– Маған ұнады. Фильм бойы Пегги өте еркін болды, мүмкін ол Райан Рейнольдстың құшағында өзін жайлы сезінген шығар. Олар менің итіме өте жақсы қарады. Мен әр секундтан ләззат алдым, - дейді ол.