Әлемдегі ең ұзын және ең қысқа адам кездесті

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемдегі ең ұзын ер адам мен ең қысқа әйел кеше АҚШ-тың Калифорния штатында кездесті. Олардың бойындағы айырмашылық 183 см-ден де артық. Бұл туралы Dailymail.co.uk сайты хабарлады.

Алып адам мен ергежейлі әйел
Фото: dailymail.co.uk

41 жастағы Султан Косен Түркияда дүниеге келген. Косеннің ұзындығы медицинада гипофиз гигантизмі деп аталатын процестің дамуына себеп болған ісікке байланысты.

Ал Үндістаннан келген 30 жастағы Йоти Амгэнің бойы орташа 2 жастағы баладан сәл қысқа. Оған хондродистрофия диагнозы қойылған. Екеуі де ерекше қырларымен 2011 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Рекордсмендер АҚШ-та өздерінің бойларындағы айырмашылықты бірнеше фотосуреттермен көрсеткен және олар қоғамда үлкен қызығушылық тудырған. Алайда бұл ерекше жандардың бірінші кездесуі емес. Олар алғаш рет 2018 жылы Мысырдың Мәдениет және туризм министрлігінің шақыруымен түрлі тарихи орындарды аралау кезінде кездескен.

Арада бес жыл өткен соң екеуі тағы да кездесті. Олардың таңғажайып суреттері тарихта қалды.

алып адам
Фото: dailymail.co.uk
алып адам
Фото: dailymail.co.uk
алып адам
Фото: dailymail.co.uk

 

Соңғы жаңалықтар