Әлемдегі 200 мың халал қонақүйлер жайлы ақпарат алатын портал ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда өтіп жатқан «ITB Berlin 2016» жоғары технологиялар көрмесінде халал туризм саласындағы нүктелерді табуға көмектесетін жаңа сайт жұмысы таныстырылды, деп хабарлады muslim.kz.

Әлемдегі 200 мың халал қонақүйлер жайлы ақпарат алатын портал ашылды

Tripfez онлайн порталының қызметін пайдалана отырып, саяхатқа шыққан мұсылмандар түрлі бағыттағы қажеттіліктерін тауып, оларды қызмет көрсету бағасына орай таңдай алады. Портал парақшасында 200 000 халал қонақ үй туралы ақпарат берілген. Олардың 10 000-ға жуығы - SalamStandard сертификатына ие болған.