Әлемдегі бай футбол клубтары соңғы маусымда 5 млрд доллардан астам пайда тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең бай футбол клубтарының жиырмасы өткен маусымдағы ойындарда 5 миллиард доллардан астам пайда тауып, жаңа қаржы табысының рекордын орнатты, деп хабарлайды Би-Би-Си агентігі.
Deloitte аудиторлық компаниясы жасаған тізімде 11 жыл бойы мадридтік «Реал» алдыңғы орында келеді.
Екінші орында - «Барселона». Одан кейін ағылшын Премьер-лигасының сегіз клубы тұр.
Ең бай 20 клубтың қатарында Еуропаның футбол командалары ғана.