Әлемдегі ең әдемі әуежай анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кариб теңізінде Саба аралындағы Хуанчо-Ираускин әлемдегі табиғаты тамаша жерге орналасқан әрі ең әдемі әуежай болып танылды. Туристер әуежайдың көркемдігі мен ерекшелігін есепке ала отырып, осындай тоқтамға келді.
Бұл туралы PrivateFly зерттеу компаниясының сайтында хабарланды. Олар аталмыш рейтингті ресурс қолданушыларының пікірі негізінде жасады.
Бұдан бөлек, Хуанчо-Ираускин әлемдегі ең қауіпті әуежайлардың ондығына іліккен. Әуе айлағына тек үш үлгідегі ұшаққа рұқсат етілген. 400 метрлік ұшу-қону жолағы әлемдегі ең қысқасы болып саналады.