Әлемдегі ең әдемі шақа Мексикада соғылған

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Мексикада биыл тойланғалы отырған Революцияның 100 жылдығы құрметіне соғылған күміс шақа әлемдегі ең әдемі шақа деп танылып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
None
None

Мексиканың қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, Австралияның елордасында өткен Теңге сарайлары басшыларының XXVI дүниежүзілік конференциясына қатысушылар бірауыздан осындай шешім қабылдаған.

«Революциялық пойыз» деп аталған құны 10 песолық шақа әлемнің 22 елі өз ақшаларын таныстырған конкурста жеңіп шығып отыр.

Жеңімпаз шақаның диаметрі - 48 мм, салмағы - 62,2 грамм. Оның бір жақ бетінде - өз дәуірінің дәстүрлі киімдерін киген төрт қарулы революционер мінген пойыз бейнеленген.

Соңғы жаңалықтар