Әлемдегі ең алып ит өлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зевс атты әлемдегі ең үлкен ит («неміс догы») бес жасында өлді.

Әлемдегі ең алып ит өлді

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, итті асырап алушылар Мичиган штатының Отсего қаласында тұрған. 2012 жылы ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Зевстің шоқтығына дейінгі биіктігі 112 сантиметрге, ал ұзындығы 2 метр 24 сантиметрге жеткен екен.

Зевске дейін Алып Джордж атты «неміс догы» ең биік ит ретінде саналған еді. Бұл төбет те АҚШ-та Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.