Әлемдегі ең биік аспалы жол допқа ұқсатылып ала түске боялды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливия астанасы Ла-Паста аспалы жолдардың кабиналары допқа ұқсатып ала түске боялды, деп хабарлайды 24.kz.

Әлемдегі ең биік аспалы жол допқа ұқсатылып ала түске боялды

Ұйымдастырушылар барлығы 105 кабинаның онын безендірген. Бұл шара қазіргі таңда Бразилияда өтіп жатқан әлемдік футбол чемпионатына орай қолға алынған. Айта кетейік, Боливиядағы бұл алғашқы аспалы жол мамыр айында ашылды әрі әлемдегі ең биік аспалы жол мәртебесіне ие болды. Ол теңіз деңгейінен 4150 метр биіктікте орналасқан. Аспалы жол ел астанасы Ла-Пасты Эль-Альто қаласымен жалғап тұр.