Әлемдегі ең биік ғимараттардың біріндегі өрт ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ

ДУБАЙ. ҚазАқпарат - Сенбіде түнде БАӘ Дубайда 79-қабатты Torch ("Факел") ғимаратынан өрт шықты. Жалын ауыздықталды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Әлемдегі ең биік ғимараттардың біріндегі өрт ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ

«Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт басталғаннан соң үш сағаттан кейін сөндірілді», - делінген Дубайдың азаматтық қорғаныс істері басқармасының мәлімдемесінде.

Еске салсақ, бұдан бұрын 50 қабатта зәулім ғимараттан өрт шыққаны хабарланған, желдің күштілігі салдарынан тілсіз жау биіктігі 330 метр қашықтыққа тараған.

Ғимараттан мыңдаған тұрғындар тысқа шығарылды.