Әлемдегі ең биік таулы Намцо тұзды көліне келген туристердің саны рекордтық көрсеткішке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Тибет автономдық ауданында (Оңтүстік-Батыс Қытай) орналасқан әлемдегі ең биік таулы Немцо тұзды көлінде 776 мың турист келді.

Әлемдегі ең биік таулы Намцо тұзды көліне келген туристердің саны рекордтық көрсеткішке жетті

Кіру билеттерінен түскен табыс 75,31 млн. юаньға (шамамен 11,47 млн. АҚШ доллары) жеткен. Бұл туралы автономдық ауданның әкімшілік орталығы Лхаса мэриясынан хабарлады.

«Аспандағы көл» деген атпен де белгілі болған Немцо көлі 4718 метр биіктікте орналасқан, су айдынының ауданы - 1920 шаршы метр. Бірегей сұлулығының арқасында ол соңғы жылдары саяхаттаушылардың арасында ерекше танымал болды. Ал 2014 жылы көлге 710 қытайлық және шетелдік турист келген.