Әлемдегі ең биік жеке зәулім үй сатылымға шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аризона штатының (АҚШ) Прескотте қаласында бір отбасына арналған әлемдегі ең биік үй сатылымға шығарылды.
1990 жылдары салынған 10 қабатты резиденция «Сұңқар шыңы» (ағ. Falcon Crest) деп аталып кеткен, оның құны 1,5 миллион доллар болып белгіленді, деп хабарлады Toptenrealestatedeals.com порталы.
Үйдің биіктігі 38 метрге дейін жетеді. Зәулім үйді жергілікті Сукумар Пол өзі мен жанұясына арнап, 1994 жылы тұрғызған. Терезеден таудың әсем көрінісін көруге болады. Көру радиусы ашық күнде 120 миль немесе 200 шақырымды құрайды.
«Сұңқар шыңы» әлемдегі ең биік қана емес, ең футуристикалық үй болып саналады. 10 қабатты үйде 3 жатын бөлме, төрт жуынатын бөлме, аумағы 185 шаршы метрлік күнге қыздырынатын орын, ас үй мен кең қонақ бөлмесі бар. Ғимараттың жалпы ауданы - 576 шаршы метр.
Зәулім сарайда гараждан алтыншы қабатқа дейін көтерілетін лифт жұмыс істейді.
Нысанды сатумен айналысып жатқан Sotheby's International Realty агенттігінің брокерлері ғимаратты зертхана немесе кеңсе ретінде пайдалануға болатынын айтуда.