Әлемдегі ең ескі хайуанаттар бағындағы өрт сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат Лондон хайуанаттар бағында шыққан өрт дер кезінде өшірілді.  Бұл туралы британ астанасының өрт қызметі өздерінің Twitter парақшаларында жазған.
None
None

Хайуанаттар бағындағы дәмхана мен кәдесыйлар дүкенін шарпыған тілсіз жауды ауыздықтауға  10 өрт сөндіру машинасы мен бірге 72 өрт сөндіруші маман тартылған. Кезекші пультіне өрт жайлы хабар жергілікті уақыт бойынша 06:00-де түскен, деп хабарлайды ТАСС .  

Жалын шарпыған аумақта хайуанаттар да болған, әзірге олардың амандығы туралы мәлімет айтылған жоқ.

Әлемдегі ең ескі болып саналатын Лондон хайуанаттар бағының іргетасы 1828 жылы қаланған.  

Соңғы жаңалықтар