Әлемдегі ең гүлденген ел аталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы әлемдегі ең гүлденген ел ретінде Жаңа Зеландия танылды. Бейсенбі, 3 қарашада Business Insider басылымы хабарлағандай, жыл сайын Prosperity Index рейтингін жасайтын британдық Legatum Institute ұйымы осындай тұжырымға келді.
Legatum топ-парағында жеті жыл көш бастаған Норвегия екінші орынға ығысты. Ол Жаңа Зеландиядан білім, қауіпсіздік, экология деңгейінен басқа барлық критерийлер бойынша артта қалды. Үшінші орында - Финляндия. Бұл ел биліктің тиімділігі, демократияны дамыту мен заң үстемдігі кепілі деңгейі бойынша үздік деп танылды.
Білім беру саласында көш бастаған Швейцария рейтингте төртінші орында, олардан кейін Канада, Австралия, Нидерланды, Швеция және Дания тұр. Бір жыл бұрын 15-ші орындағы Ұлыбритания өзінің көрсеткішін жақсартып, бірінші ондықты аяқтады.