Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әлемдегі ең ірі әуе компаниясы Ресейге ұшуды тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың әлемдегі ең ірі әуе компаниясы - Delta Airlines Ресейге ұшатын рейстерін тоқтатты. Компанияның соңғы ұшағы сейсенбі күні 13:45-те Мәскеуден Нью-Йоркке, "Шереметьево" әуежайынан ұшты, деп хабарлады Утро.ру.

Әлемдегі ең ірі әуе компаниясы Ресейге ұшуды тоқтатты

Тасымалдаушы сайтына жарияланған мәліметке сүйенсек, 7 қыркүйектен бастап әуекомпания лайнерімен Нью-Йоркке ұшқысы келгендер Амстердам немесе Парижге келіп отыра алады. Ал мұндай сапар үшін Air France немесе KLM рейстері көмекке келеді.