Әлемдегі ең ірі бала Индонезияда тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Салмағы 192 келіні құрайтын индонезиялық он жасар баланы диетаға отырғызды, деп хабарлады lenta.ru.
None
None

Енді ол тек күріш жейтін болды.

Арья Пермана (Arya Permana) осыған дейін күніне бес рет тамақтанған. Баланың тәбеті екі ересек ер адам тұтынатын тағаммен тең екені аталып өтілді. Артық салмағы еркін қозғалуға мүмкіндік бермейтіндіктен индонезиялық мектептегі сабағын тоқтатуға мәжбүр болды.  БАҚ ақпаратынша, балада тыныс алу проблемалары бар және ол тез шаршайды.

Баланың анасы Рокхаидың сөзіне қарағанда, артық салмақ өлімге әкелуі мүмкін.  Сондықтан баланы диетаға отырғызу шешімі қабылданды.  

Соңғы жаңалықтар