05:17, 18 Наурыз 2016 | GMT +5
Әлемдегі ең ірі гауһартас 35 миллион долларға сатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондық De Beers зергерлік үйі әлемдегі ең ірі көгілдір гауһар тасты саудаға қоймақ., деп хабарлады www.24.kz.

Оның салмағы - 10 карат. Құны шамамен 35 миллион долларға бағаланып отыр. Оңтүстік Африкадан әкелінген асыл тас 2000 жылы лондондық зергерлік үйдің топтамасын толықтырған. Алдағы күндері гауһар тас Женева, Нью-Йорк, Сингапур мен Тайбэйде өтетін көрмеге қойылуы тиіс. Ал 5 сәуірде Гонконгтағы аукционда саудаға шығарылады.