Әлемдегі ең ірі ұлу табылды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Даниядағы Ваддензе теңіз орталығының мамандары әлемдегі ең ірі ұлуды тапқандарын мәлімдеді.
None
None

Ол Ваддензе шығанағынан табылған, әзірге тірі. Салмағы шамамен 2 келі, ал ұзындығы 35,5 см, деп хабарлады Kedem.

Орталықтың жетекшісі Клаус Мелбай мұндай жаңалыққа ерекше қуанышты екенін жеткізді. «Мұның әлемдегі ең үлкен ұлу болуы мүмкін. Біздің болжам бойынша оның жасы шамамен 20-да», дейді ол.

Қазіргі уақытта ұлу Теңіз орталығында тіршілік кешуде, жақында ол әлемдегі ең ірі ұлу деген мәртебеге ие болады.

Соңғы жаңалықтар