Әлемдегі ең кәрі мысық Америкада тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гиннестің рекордтар кітабы Скутер атты мысық жер бетіндегі ең кәрі мысық деп куәлік берді. Ол 1986 жылы 26 наурызда дүниеге келген, 30 жылдай иесі Гейл Флойдпен бірге жүрген.

Әлемдегі ең кәрі мысық Америкада тұрады

Үй иесі әйелдің айтуынша, осы жылдары мысықтың дағдысы өзгермеген, ол таңертең сағат алтыда мияулап тамақ сұрайды, кешке әйелді жұмыстан келгенде есік алдында күтіп алады. Гейл мысығының ұзақ өмір сүруін қозғалысының көптігінен деп санайды. 30 жылда Скутер Американың 50 штатының 45-ін аралаған.

Ол төрт апталығында анасынан айырылған, 2014 күзде аяғын сындырып алған екен. Сол себепті қазіргі дейін медициналық тексеруден өтіп, жануарлар дәрігеріне қаралып тұрады.

Бұған дейін әлемдегі ең кәрі мысық Орегон штатындағы 26 жыл өмір сүрген Кордурой саналып келді. Ал ең ұзақ өмір сүрген мысықтың ғұмыры 38 жыл 3 күнге созылыпты.