Әлемдегі ең қауіпсіз қаланы білесіз бе

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық пікірді онлайн-сауалнама арқылы талдайтын Numbeo қызметінің сайтында 2018 жылдың ең қауіпсіз қалаларының тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдегі ең қауіпсіз қаланы білесіз бе

345 қаладағы қылмыс деңгейі бойынша жаңартылған тізімге сәйкес, БАӘ астанасы Әбу-Даби ең қауіпсіз қала деп танылды. Шаһардағы қылмыс индексі небәрі 11,62%, ал қауіпсіздік индексі 88,38% құрады.

Катар астанасы Доха қаласы рейтингтің екінші орнына табан тіреді. Мұндағы қылмыс индексі - 12,19%. Үшінші орында Жапонияның Осака (16,01%) қаласы тұр.

Сондай-ақ, ең қауіпсіз қалалардың ондығына Квебек (Канада), Сингапур, Базель (Швейцария), Токио (Жапония), Дубай (БАӘ) және Мюнхен (Германия) кірді.