Әлемдегі ең қауіпті алкогольсіз сусын анықталды

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Алкогольсіз сусындардың ішіндегі ең қауіптісін анықтауды қолға алған америкалық ғалымдар сүт коктейльдеріне деген әуестік есірткі заттарына тәуелділікпен бірдей екендігін анықтады, деп жазады utro.ru.

Әлемдегі ең қауіпті алкогольсіз сусын анықталды

Әлем бойынша жиі қолданылатын алкогольсіз сусындардың ішінде сүт коктейліндегі қант пен майдың мөлшері бір тәуліктік мөлшерден асып түседі.

«Біз семіздіктің алдын алуға қатысты көптеген зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде адам қантты көп жеген сайын, оған деген тәуелділік арта түсетіндігін анықтадық», - дейді зерттеуші топтың жетекшісі Эрик Стайс. Оның айтуынша, газдалған сусындар да жүрек ауруларын тудырып адам миының құрылымын өзгертеді.

Жақында австралиялық ғалымдар құрамында қант мөлшері жоғары сусындады жиі пайдалану мидың құрылымын психикалық ауруға шалдыққан адамдардікіндей өзгеруіне әкеліп соғатынын дәлелдеген.