Әлемдегі ең кішкентай Құран Иранда жасалды

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Парағының ені бар болғаны - 7-ақ миллиметр, ал қалыңдығы - 7 микрон,-деп хабарлайды muslim.kz

Әлемдегі ең кішкентай Құран Иранда жасалды

Кітап 633 беттен тұрады. Қолтуындының авторы - доктор Рухалла Шерифи.

Құран мәтіні силиконды параққа лазер арқылы жазылған. Кітапта жазылған Құран аяттарын тек микроскоптың көмегімен ғана оқуға болады.