Әлемдегі ең қымбат алқа саудаға салынды

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Бағасы 55 млн доллар тұратын әлемдегі ең қымбат алқа саудаға түсті. Гиннестің рекордттар кітабына енген алқа 11-20 қазан аралығында Сингапурде өтетін JewelFest зергер бұйымдар көрмесі аясында сатылымға түседі.
None
None

«Теңдеусіз» деген атпен белгілі аталмыш алқа, Mouawad зергерлер үйі шеберлерінің бірімен жасалған. Бұйымды жалпы салмағы 230 каратқа жуық, қызғылт алтынмен апталған 90 ақ гауһар тас көмкеріп тұр.

Дегенмен, «Теңдеусіздің» басты құндылығы салмағы 407 карат болатын сары ғауһар тас болып табылады. Тас осыдан 30 жыл бұрын Конго Демократиялық Республикасында табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар