Әлемдегі ең қымбат алмаз 63 млн долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Lucara Diamond Corporation кен өндіруші компаниясы аса үлкен алмазды 63 млн долларға сатты.
Бұл әлемде бұған дейінгі өңделмеген бағалы асыл тастардың ішіндегі ең жоғары бағаға сатылғаны.
Алмазды өткен жылы Lucara Diamond компаниясы Ботсванеде тапқан болатын.
Канадалық компания өкілінің айтуынша, маусым айында Ботсванеде табылған тағі бір бұдан да ірі алмаз сатылмақ, деп хабарлайды Би-би-си.