Әлемдегі ең қымбат фотокамера 2,16 млн. еуроға сатылды
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Таяуда Венада өткен Вестлих аукционында 1923 жылы шығарылған Leica фотоаппараты рекордтық сомаға, нақты айтқанда 2,16 млн. еуроға сатылды,
деп хабарлады ӘзерТадж агенттігі.
Осылайша, осыдан 100 жыл бұрын шығарылған немістің фотоаппараты әлемдегі ең қымбат дүниеге айналды.
Айта кетейік, фотокамералар арасындағы бұған дейінгі рекорд 2011 жылдың мамырында орнатылған болатын. Ол кезде азиялық жеке коллекционер фотоаппараттың дәл осы маркасын 1,32 млн. еуроға сатып алған еді.