20:31, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Әлемдегі ең қымбат «қалқымалы үй» сатуға шығарылды
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең қымбат «қалқымалы үй» (жағалауға байланған және тұрақты тұру үшін қолайлы етіп жасалған шағын кеме) сатуға шығарылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Жалпы алаңы 130 шаршы метр (палубасының алаңы - 54 шаршы метр) болатын Ocean («Мұхит») деп аталатын қайық миллион фунт стерлингке сатылмақшы.
Foxtons риэлторларының деректері бойынша. «қалқымалы жылжымайтын мүлік» ықтимал сатып алушылардың үлкен қызығушылықтарын туғызып отыр. Өйткені Лондонның бұл ауданындағы осындай үйдің бір шаршы метрінің құны 30 пайызға төмен. Алайда көптеген клиенттер осыншама ірі соманы қайық үшін төлеуге психологиялық тұрғыдан даяр емес.