Әлемдегі ең қымбат кітаптардың бірі Нью-Йоркте Christie's аукционына қойылды
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше «Американың құстары» атты әлемдегі ең қымбат кітаптардың бірі «Кристис» аукционына қойылды.
Бұл аталмыш кітапта Солтүстік Амариканың құстары табиғи қалпында бейнеленген. Туындының авторы - американдық табиғат зерттеушісі Джон Джеймс Одюбон. Айта кетейік, бұл басылым 19 ғасырдың бірінші жартысында Лондонда және Эдинбургта жарыққа шыққан еді.
«Кристис» аукциондық үйі бұл кітапты 7 млн. доллардан 10 млн. долларға дейін бағалап отыр. Мамандардың айтуынша, кітап одан да қымбат бағаға өтуі мүмкін.