Әлемдегі ең қымбат қонақүй - Сейшель аралдарында
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең қымбат қонақ үй Сейшель аралындағы North Island Lodge болып шықты, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Luxury-Hotels.com сайты соңғы зерттеулерінің нәтижесімен осындай қорытынды жасады. Жүргізілген зерттеулерде көптеген факторлар ескерілді, соның ішінде жазғы демалыс кезінің ең қолайлы уақыты - 2013 жылғы тамыз айындағы әлем бойынша жайлы қонақүйлерінің танымалдығына назар аударылған.
Мәселен, Сейшель аралдарының басты Маэ аралында екі адам бір түн рахаттанып, қонып шығуы үшін 5843 доллар ақша төлейді екен. Фиджи аралдарындағы Laucala Resort қонақүйінің бір түнгі ақысы 5043 доларды құрайды.
Ал Сейшель аралдарындағы қонақүйлердің тізімінде екінші орында Maia Luxury & Spa отелі тұр. Мұндағы демалыс тәулігіне 2238 долларға шығады. Бұл курорт Маэның оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан.
Төменде әлемдегі ең қымбат қонақ үйлердің тізімі келтірілген. Көрсетілген бағалар екі адамға бір түнге есептелген. Бұл бағалар 2013 жылдың 1-31 тамыз аралығындағы кезеңге арналған.
1. North Island Lodge (Сейшель аралдары) $ 5843
2. Laucala Resort (Фиджи) $ 5040
3. Khwai River Lodge (Ботсвана) $ 4060
4. Savute Elephant Camp (Ботсвана) $ 4020
5. Eagle Island Camp (Ботсвана) 3970 $
6. Singita Grumeti Reserves (Танзания) 3570 $
7. King Pacific Lodge (Канада) $ 3249
8. Mnemba Island Lodge (Танзания) $ 3100
9. Отель Кала де Вольпе (Италия) $ 2939
10.Королева Шарлоттаның үйі (Канада) $ 2800