Әлемдегі ең қымбат шарап жәшігі 476 мың долларға сатылды

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Гонконгта Бургунд шарабының жәшігі (12 бөтелке) 476 мың долларға сатылды.

Әлемдегі ең қымбат шарап жәшігі 476 мың долларға сатылды

«Бұл «Романе-Контидің»1978 жылғы өнімі әлемдегі ең қымбат шарап атанып, жаңа рекорд орнатты», - деп хабарлады ИТАР-ТАСС-қа «Критис» бәссаудасын ұйымдастырушылар.

Сауда-саттық барысында бастапқы лот бағасы үш есе көтерілді. Шарапты атын жасырын ұстауды жөн санаған қытайдың коллекция жиюшысы сатып алды. жәшіктегі әрбір бөтелкенің құны оған 40 мың доллардан түсті.