11:31, 12 Қараша 2013 | GMT +5
Әлемдегі ең шағын мейрамхана - Италияда
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Италияның Ваконе қаласында ерекше Solo Per Due мейрамханасы ашылды.

Бұл әлемдегі ең шағын мейрамханаға айналды. Онда екі адамға арналған бір ғана үстел бар.
Solo Per Due мейрамханасындағы бір түскі астың құны бір адамға 250 еуродан келеді. Оның ішіне сусындар кірмейді. Бұл сомаға жергілікті өнімдер: ешкі ірімшігі, орман саңырауқұлақтары, нан, ет пен зәйтүн майынан жасалған бірнеше дәмді тағамдар енген.
Мейрамханаға алдын ала жазылу қажет. Қазірдің өзінде кезек бірнеше айға созылған көрінеді. Өйткені Solo Per Due жылына 1500-ге жуық адамды ғана қабылдай алады. Барғысы келген тілек білдірушілер саны тым артып отыр.