00:44, 03 Наурыз 2012 | GMT +5
Әлемдегі ең сұлу әйелдер тұратын қалалардың рейтінгісі жасалды
АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Халықаралық Travelers Digest туристік журналы әлемдегі ең сұлу әйелдер тұратын қалалардың рейтингісін жасады, деп хабарлады TCH.ua сайты.

Ол жер-жаһанды аралап жүрген туристердің пікірі негізінде жасалды. Бұл тізімді Украинаның Киев қаласы бастады. «Киев әлемдегі ең сұлу әйелдер өмір сүретін қала екендігі сөзсіз. Онда болғанда көңіліңді шуақты сезімдер билейді, мұндай да сұлулар болады екен-ау, деп тамсанасың. Сонымен қатар олар ресейліктер әйелдерге қарағанда ашық-жарқын», деп жазады дайджест.
Екінші орынға Стокгольм (Швеция) орналасты. Көшбасшылар үштігін Нью-Йорк тұйықтайды. Одан әрі Буэнос-Айрес (Аргентина), Варна (Болгария), Мәскеу (Ресей) және Тель-Авив (Израиль) жайғасқан. Алғашқы ондық тізімін Амстердам (Нидерланды), Сеул (Южная Корея) және Монреаль (Канада) тұйықтаған.