Әлемдегі ең табысты модельдер анықталды
АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Forbes журналы ең көп табыс табатын модельдердің кірістерін есептеп шықты. Алғашқы сатыны осымен бірнеше жыл қатарынан Жизель Бундхен ешкімге бермей келеді.
Соңғы бір жыл ішінде ол $42 млн. табысқа кенелген, деп хабарлайды росбалт.
Екінші орында - Миранда Керр. Австралиялық модель $7.2 млн. қаражат тапқан.
Үшінші орында - Адриана Лима. Оның табысы $6 млн. болып отыр.
2013 жылдың ең табысты модельдерінің алғашқы ондығы:
1. Жизель Бундхен - $42 млн
2. Миранда Керр - $7.2 млн
3. Адриана Лима - $6 млн
4. Кейт Мосс - $5.7 млн
5. Лиу Вен - $4.3 млн
6. Хилари Рода - $4 млн
7. Каролин Мерфи - $3.6 млн
8. Джоан Смоллс - $3.5 млн
9. Кэндис Свейнпол - $3.3 млн
10. Лара Стоун - $3.2 млн