Әлемдегі ең танымал ән аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Universal Music компаниясы латынамерикалық орындаушы Луис Фонсидің «Despacito» әнін әлемдегі ең танымал композиция ретінде таныды.  Жарты жыл ішінде аталмыш хит 4,6 миллиард рет тыңдалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Дни ру» сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең танымал ән аталды

Белгілі рэпер Daddy Yankee-дің қатысуымен жазылған Луис Фонсидің «Despacito» әні көпшілікке ағымдағы жылдың қаңтар айында жол тартқан болатын және бірден дерлік латын хит-парадтарында көш бастады.

Ал «Despacito»-ның ремиксіне танымал әнші Джастин Бибер түскеннен кейін, ән әлемдік танымалдылыққа ие болды.  

Universal Music компаниясы өзінің талдауында Spotify, Apple Music, Amazon, YouTube және өзге де белгілі платформалардың мәліметтеріне сүйенген.

Осылайша, жарты жыл ішінде латын хиті 4,6 миллиард рет тыңдалған. Бұл ретте, ең көбі - видеохостингтер арқылы. Атап айтқанда, әнге түсірілген видеоклип 2,6 миллиард рет қаралған.