Әлемдегі ең үлкен фотоальбом Лиссабонға жеткізілді

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Португалия астанасында жұртшылыққа әлемдегі ең үлкен фотоальбом көрсетілетін болады.

Әлемдегі ең үлкен фотоальбом Лиссабонға жеткізілді

Бұл альбом Порту, Вила Реал, Брага, Визеу сынды көптеген қалаларында болып, ақыры Лиссабонға жетті, деп хабарлады Euromag.

Мұнда туристерге ең тартымды деген жерлерді көрсету мақсатымен португалиялықтардың елдің түкпір-түкпірінен түсірген он мың суреті бар. Әр өңірге 768 суреттен келеді. Кітаптың биіктігі - 4,5 метр, ені - 8 метр.