20:29, 08 Қазан 2009 | GMT +5
Әлемдегі ең үлкен ит АҚШ-та өмір сүреді
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ірі төбет АҚШ-та өмір сүреді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Дакотадағы ландсир тұқымдас ит ғаламшардағы ең үлкен ит болуы ықтимал - шоқтығына дейінгі биіктігі 90 см, - бірақ денесінің ең ұзын ит екені даусыз. Тұмсығынан құйрығының ұшына дейінгі аралық - екі метрден асады. Үш жасар жануардың иесі осы ерекше құбылысты ресми бекіту үшін құжаттарды Гиннесстің рекордтар кітабына жіберді.