Әлемдегі ең үлкен өрмекші мұражайдан табылды
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Ғалымдар өрмекшінің жаңа түрін тапты, ол өрмек тоқуға қабілетті өрмекшілердің барлық түрлерінің ішіндегі ең үлкені болып шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Өрмекшілердің жансыз қаңқалары Оңтүстік Африкадағы мұражай мұрағаттарының арасынан, сондай-ақ осы елдегі ұлттық саябақтардың бірінен табылды. Осы өрмекші түрлерінің тірілері табиғатта кездесетін-кездеспейтіні әзірге беймәлім.