Әлемдегі ең үлкен ойынхана - Қытайдың Макао шаһарында
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бір таң қаларлық жайт, әлемдегі ең үлкен ойынхана ойынқұмарлар қаласы Лас-Вегаста емес, Қытайдың Макао шаһарында орын тепкен,
деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
«Venetian Macao» құрылыс кешені Азия аумағындағы ең үлкен ғимараттың есебінде. Бұл ғимараттың үлкендігі әлем бойынша Вашингтондағы «Boeing» компаниясының зауыт кешенінен кейінгі екінші орынды алады. Кешеннің жалпы алаңы 945 мың шаршы метрді құраса, ал оның құны 2,4 миллиард доллар есебінде бағаланады.
Ғимараттың құрылысы 2007 жылы толығымен аяқталған. Венециялық стильде салынған 40 қабатты ғимараттың 4 мың қонақ үй нөмрі, аумағы 111 мың шаршы метрді құрайтын көрме өткізуге арналған павильон, үлкен сауда орталығы, 30 ресторан, 350 дүкен, 1,8 мың адам сыятын конференц залы бар.