08:58, 13 Маусым 2016 | GMT +5
Әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жақында пайдалануға беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жақында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды қытайлық «Синьхуа» агенттігі.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында салынып жатқан FAST - 500 метрлік апертуралы сфералық радиотелескоп құрылысы аяқталуға жақын. Объектінің жалпы ауданы шамамен 250 мың шаршы метр. Қазіргі уақытта барлық панельдер орнатылып біткен, оны ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.